"Қазкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

06.06.12 16:17
/KASE, 06.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі цитатада – Банк), Биржаға 2012 жылдың 05 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 2012 жылғы 5 маусым, Алматы. – "Казкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер жөнінде хабарлайды. 2012 жылдың 1 маусымында Банкке Шибаев С. мырзаның 2012 жылдың 2 маусымынан бастап өз еркімен қызметтен кететіні туралы өтініш келіп түсті. Шибаев С. Банктің Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметіне Банк акционерлерінің 2009 жылдың 21 шілдесінде өткен кезектен тыс жалпы отырысында тағайындалған болатын. Банк басшылығы мен акционерлері Шибаев мырзаға Директорлар кеңесінің жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оған алдағы уақытта сәттілік тілейді. Байланысу үшін: Алия Нурсипатова, Қаржы институттары департаменті +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, Қоғамдық байланыс департаментінің директоры +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz цитата соңы