"Темірлизинг" АҚ акционерлерінің 30 мамырға белгіленген жылдық жалпы жиналысы, және акционерлердің 31 мамырға белгіленген қайталама жиналысы кворумның болмауы себебінен өткен жоқ

06.06.12 14:52
/KASE, 06.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Темiрлизинг" АҚ (Алматы), өзінің акционерлерінің 2012 жылдың 30 мамырына белгіленген жылдық жалпы жиналысы кворумның болмауы себебінен өтпегені туралы мәлімдеді. "Темірлизинг" АҚ акционерлерінің 2012 жылдың 31 мамырына белгіленген қайталама жиналысы да кворумның болмауы себебінен өткен жоқ.