"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзі және "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ KASE номинацияларында төрт жүлдеге ие болғаны туралы хабарлады

06.06.12 14:41
/KASE, 06.06.12/ – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) бүгін Қазақстан қор биржасына (KASE) баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Қазақстанның халық банкі және оның еншілес компаниясы "Halyk Finance" АҚ 2011 жылдың қорытындылары бойынша Қазқстан қор биржасының түрлі номинациялардағы төрт жүлдесін бірдей иеленді. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) Қазақстанның қор биржасының "Мемлекеттік бағалы қағаздар биржалық нарығының лидері", "Репо операцияларын нарығының лидері" номинацияларында "алтын" дипломға ие болды, сонымен қатар "Экономиканың қаржылық секторының листингілік компаниялары" тобында "Айқындыққа талпынысы үшін" диплом алды. "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) "Жетекші қаржылық кеңесші" номинациясында 2-ші жыл қатарынан жоғары жүлдеге ие болып отыр. Жеңімпаздар KASE Басқармасының 2012 жылдың 10 сәуіріндегі шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ ең көзге түскен мүшелерін жыл сайынғы мадақтау ережелеріне сәйкес анықталды. Мадақтау рәсімі KASE акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы барысында өтті. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз-қызметі тел. +7 727 2 590 816,