"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) 2,9 млрд теңге сомасына ірі мәмілерді жасауды көздеп отыр

05.06.12 12:17
/KASE, 05.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "сақтандыру бойынша жауапкершілік сомасы 2 970 928 740 (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың жеті жүз қырық) теңгені құрайтын ірі мәмілелерді жасауды көздегені туралы" хабарлады.