Биржалық кеңестің Аудит жөніндегі комитетінің жаңа құрамы сайланды
01.06.12 16:45
/KASE, 01.06.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі
2012 жылдың 31 мамырында Биржалық кеңестің Аудит жөніндегі
комитетінің жаңа құрамын сайлады:
- А.О. Алдамберген, "Самұрық-Қазына Қаржы" ЖШС бас директоры
(Комитеттің Төрағасы);
- Н.Б. Дамитов, "Темір-Сервис" ЖШС басқарушы директоры, "Jazz
Capital" АҚ (Комитеттің Төрағасы болмаған кезде немесе мүдделердің
қайшы келуі жағдайы туындағанда оның орнын басуға құқылы тұлға)
- Е.С. Әбдіразақов, "Сентрас Капитал" ЖШС бас директоры;
- Д.С. Қарабаев, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқарма
Төрағасының орынбасары.