ЕСКЕ САЛУ: 2012 жылдың 30 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

29.05.12 14:44
/KASE, 29.05.12/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункционалдық кешенінің солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі - биржа) өзінің акционерлеріне 2012 жылдың 30 мамырында Алматы қ., Сәтбаев көш., 29/6, Рахат Палас қонақ үйі, "Абай" залы мекен-жайы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болатынын еске салады. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2012 жылдың 30 мамырында Алматы уақытымен сағат 09:30-дан 09:45-ке дейін жүргізіледі. Тиісті түрде тіркелу үшін биржа жиналысқа қатысушыларда жиналысқа қатысу және онда дауыс беру өкілеттіктерін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етуді сұрайды, яғни: 1) Уәкілетті органның (оның ішінде "алтын акция" иесінің) өкілі үшін: - Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай рәсімделген сенімхат; - өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат. 2) Акционер - заңды тұлғаның (бірінші басшының) өкілі үшін: - Акционер заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындауын/сайлауын растайтын хаттама көшірмесі/хаттамадан үзінді-көшірме; - өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат. 3) Акционер-заңды тұлғаның өкілі (бірінші басшы өкілдендірген тұлға) үшін: - Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделген сенімхат; - Акционер заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындауын/сайлауын растайтын хаттама көшірмесі/хаттамадан үзінді-көшірме. - өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат. 4) Акционер-заңды тұлғаның өкілі (бірінші басшының міндеттерін орындаушы тұлға уәкілдендірген тұлға) үшін: - Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделген сенімхат; - Бірінші басшының міндеттерін орындаушы тұлғаның тағайындалуы туралы бұйрықтың көшірмесі; - Акционер заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындауын/сайлауын растайтын хаттама көшірмесі/хаттамадан үзінді-көшірме; - өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат. 5) Акционер-жеке тұлға үшін: - жеке тұлғасына куәландыратын құжат. Анықтама телефондары: (727) 237 53 17, 237 53 07, 257 53 00.