ЕСКЕ САЛУ: 2012 жылдың 30 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады
29.05.12 14:44
/KASE, 29.05.12/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ.,
Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункционалдық кешенінің
солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі - биржа) өзінің
акционерлеріне 2012 жылдың 30 мамырында Алматы қ., Сәтбаев көш.,
29/6, Рахат Палас қонақ үйі, "Абай" залы мекен-жайы бойынша
акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс)
болатынын еске салады.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2012 жылдың 30 мамырында Алматы
уақытымен сағат 09:30-дан 09:45-ке дейін жүргізіледі.
Тиісті түрде тіркелу үшін биржа жиналысқа қатысушыларда жиналысқа
қатысу және онда дауыс беру өкілеттіктерін растайтын құжаттардың
болуын қамтамасыз етуді сұрайды, яғни:
1) Уәкілетті органның (оның ішінде "алтын акция" иесінің) өкілі
үшін:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай рәсімделген
сенімхат;
- өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат.
2) Акционер - заңды тұлғаның (бірінші басшының) өкілі үшін:
- Акционер заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны
тағайындауын/сайлауын растайтын хаттама көшірмесі/хаттамадан
үзінді-көшірме;
- өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат.
3) Акционер-заңды тұлғаның өкілі (бірінші басшы өкілдендірген
тұлға) үшін:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес
рәсімделген сенімхат;
- Акционер заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны
тағайындауын/сайлауын растайтын хаттама көшірмесі/хаттамадан
үзінді-көшірме.
- өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат.
4) Акционер-заңды тұлғаның өкілі (бірінші басшының міндеттерін
орындаушы тұлға уәкілдендірген тұлға) үшін:
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес
рәсімделген сенімхат;
- Бірінші басшының міндеттерін орындаушы тұлғаның тағайындалуы
туралы бұйрықтың көшірмесі;
- Акционер заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны
тағайындауын/сайлауын растайтын хаттама көшірмесі/хаттамадан
үзінді-көшірме;
- өкілдің жеке тұлғасына куәландыратын құжат.
5) Акционер-жеке тұлға үшін:
- жеке тұлғасына куәландыратын құжат.
Анықтама телефондары: (727) 237 53 17, 237 53 07, 257 53 00.