"Қазақстанның даму банкі" АҚ "Запчасть" АҚ $1,3 млн көлемінде субсидия беруді көздеп отыр

29.05.12 12:41
/KASE, 29.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 29 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Запчасть" АҚ қарызгер-компаниясы ҚДБ несиесі бойынша субсидия алады Кәсіпорынды субсидиялауға "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы арқылы 1,3 астам млн. АҚШ доллар қаражат бөлінеді. Болат дайындамалар өндірісін ұйымдастыру бойынша "Запчасть" АҚ Жобасы (Жоба) "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) бөлген несие бойынша 5 пайыз көлемінде сыйақы мөлшерін субсидиялауға мүмкіндік алды. Жалпы құны 19 млн. АҚШ доллар құрайтын Жобаны ҚДБ 2008 жылы қаржыландырды. Запчасть зауытындағы болат балқыту өндірісі 2012 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады. Кәсіпорында 156 жаңа жұмыс орыны ашылады. Жобаның борыштық жүгін төмендетуге бағытталған бұл шара "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының (Бағдарлама) "Кәсіпкерлік секторын сауықтыру" бағыты арқылы қарастырылған. Несие бойынша төлемдердің аталған бөлігі Бағдарлама арқылы үш жыл бойы өтеледі. ҚДБ мен қарызгер- компания арасында арнайы келісімшарт орнатылды. Өз жағынан Банк Жобаны Бағдарламаға енгізу мақсатында кәсіпорынның сауықтыру жоспарын бекітіп, несиенің икемді төлеу кестесін қарастырды. "Запчасть" АҚ зауыты 1993 жылы Жамбыл трактор зауытының негізінде құрылған. Бүгінгі күні теміржол жылжымалы құрамдары үшін қосалқы бөлшектер шығару бойынша өндірістік қызмет атқарады. цитата соңы