Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 23 мамырда жылдық 4,90 % сегізінші шығарылымның 29,4 млн МЕУКАМ-108 (KZKDKY090089) орналастырды

23.05.12 18:08
/KASE, 23.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 23 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді деп хабарлайды. Төменде шығарылымның негізгі параметрлері, орналастырудың шарттары мен нәтижелері берілген (Алматы уақыты). ШЫҒАРЫЛЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: -------------------------------------- ---------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-108 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY090089 Шығарылымның реттік саны: 8 / 108 KASE сауда-саттық коды: MUM108_0007 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу күні: 23.05.12 Айналысқа жіберу күні: 23.05.12 Айналыста болудың соңғы күні: 22.05.21 Өтеу датасы: 23.05.21 Айналыста болу мерзімі: 9 жыл (3 240 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонға төлеу кестесі: жыл сайын 23 мамырда Уақыттық базасы: 30 / 360 -------------------------------------- ---------------------- ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ: -------------------------------------- ---------------------- Жарияланған көлемі, млн теңге: 20 000,0 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру 70 дәрежесі, %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесім бағасы (мөлшерлемесі) бойынша -------------------------------------- ---------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: -------------------------------------- ---------------------- Бастапқы дилер – қатысушыларының 14 саны: Берілген өтінімдер саны 45 / 39 (барлығы / белсенді): Соның ішінде: – шектелімді: 37 / 31 – нарықтық: 8 / 8 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге: 44 432,2 оның ішінде: – шектелген: 31 385,0 – нарықтық: 13 047,2 Өтінімге сұраным, %: 222,2 Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, % (барлығы / белсенді): – минималды: 4,70 / 4,70 – максималды: 6,00 / 6,00 – орташа сараланған: 5,1469 / 5,1589 ------------------------------------------------------------- *белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылары жоймаған, соның ішінде Растау жүйесіне қатысушылары растаған өтінімдер. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ: ------------------------------------------------------------- Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, 29 432 200 облигация: Қанағаттандырылған өтінімдер 26 саны: Қанағаттандырылған өтінімдер 147,2 көлемінің жоспардан %: Купон мөлшерлемесі, жылдық %: 4,90 ------------------------------------------------------------- Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде зейнетақылық нарық субъектілерінің үлесі 40,1 %, екінші деңгейдегі қазақстандық банкілердің (ЕДБ) – 39,4 %, ЕДБ клиенттерінде - 17,7 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесі – 0,6 %, олардың клиенттерінде – 2,2 % құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУКАМ-108 сегізінші шығарылымын орналастыру бойынша жасалған барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 40,7 % зейнетақылық нарық субъектілері, ЕДБ – 28,9 %, ЕДБ клиенттері 26,8 %, брокерлік-дилерлік компаниялар – 1,0 %, олардың клиенттері – 2,6 % сатып алды. Қаржы Министрлігі сатқан МЕУКАМ автоматты түрде, кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен, KASE қайталама нарығында, кестеде көрсетілген сауда-саттық коды бойынша, айналысқа жіберіледі. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағасымен бағалануы тиіс. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған.