"Интергаз Орталық Азия" АҚ (Қазақстан) өзінің USN45748AB15, US45867EAB20 (INCAe2) халықаралық облигациялары бойынша 9-шы купонын төлеуі туралы хабарлады

28.05.12 17:09
/KASE, 28.05.12/ – "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 10 мамырындағы өзінің USN45748AB15, US45867EAB20 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, INCAe2; $600,0 млн; 14.05.07 – 14.05.17, жарты жылдық купон 6,375 %, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша тоғызыншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE немесе Биржа) хабарлап, ресми хат жолдадыү Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 17 212 500,00 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.