30 МАМЫРДА KASE 2011 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН БИРЖА МҮШЕЛЕРІ МЕН ЛИСТИНГІЛІК КОМПАНИЯЛАРДЫ МАРАПАТТАЙДЫ

28.05.12 14:49
/KASE, 28.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2012 жылдың 30 мамырында KASE акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының бастаудың алдында 2011 жылда ерекшеленген листингілік компаниялар мен биржа мүшелерін марапаттау өтеді. Аталмыш шара Алматы уақытымен 09:30-да Рахат-Палас қонақ үйінің "Кездесу" залында (Алматы қ., Сәтбаев көш., 29/6) өтеді. Марапатқа лайық листингілік компаниялар мен KASE мүшелерін таңдауды Биржа "Листингілік компанияларды жыл сайын ынталандыру ережелері" және "Биржаның ерекшеленген мүшелерін жыл сайын ынталандыру ережелері" атты KASE ішкі құжатына сәйкес жыл сайын жүзеге асырады. Алдағы жылдардағы KASE номинацияларының дипломанттарымен биржаның Интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/page/members_diplomas (KASE мүшелері) және http://www.kase.kz/ru/page/issuers_diplomas (листингілік компаниялар) бойынша танысуға болатынын естеріңізге саламыз. Биржаның ерекшеленген мүшелерін жыл сайын ынталандыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/diploms_kaz.pdf бойынша жарияланған. Листингілік компанияларды жыл сайын ынталандыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/issuers_diplom.pdf бойынша жарияланған.