ҚҰБ ҚҚК "Рахат" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

25.05.12 12:31
/KASE, 25.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Рахат" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 16 мамырында тіркеп, "Рахат" АҚ акционерлері туралы мәліметтердің өзгертілуіне және толықтырылуына байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/RAHT/rahtf9_izm_160512.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.