2012 жылдың 22 маусымында "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

25.05.12 12:20
/KASE, 25.05.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – банк), биржаға 2012 жылдың 22 маусымында сағат 17:00-де банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады, осы жиналыстың күн тәртібінде: - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - банктің акцияларын айырбастау тәртбін бекіту және банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына тиісінше өзгертулер туралы. Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы обл., Қарасай ауданы, Рахат а., Асқаров көш., 21/2, 1 п.