"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Молдова Республикасында Rompetrol АЖС желілерін ұлғайтуы туралы хабарлады
25.05.12 10:55
/KASE, 25.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 24 мамырындағы
баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ хабарлағандай, The Rompetrol Group (100 пайыздық
еншілес компания) құрамына кіретін Rompetrol Молдова компаниясы
Кишиневте және Бельцы қаласында екі жаңа автожанармай құятын станса
ашты.Олардың саны енді бүкіл елде 47-ге жетті.
"Бұл екі станса бөлшек сауда жүйесін дамытудың бір шарасы болып
табылады. Бұл жұмыстар "Петромидия" мұнай өңдеу заводының өңдеу
қуаттылығын жылына 3,8 миллион тоннадан 5 миллион тоннаға
жеткізуге бағытталған жоба аясында жүзеге асырылуда. Өндірісті
тиімді басқару үшін Қара теңіз аумағында, оның ішінде Румыния,
Болгария, Молдова, Украина және Түркияда бөлшек сауданы барынша
дамыту қажет", дейді The Rompetrol Group компаниясының бөлшек сауда
жөніндегі вице-президенті Титов Бузеску.
Автожанармай құю стансаларын көбейтудің нәтижесінде 2011 жылы отын
сатудан түсетін жалпы сома 44 пайызға өсіп, алдыңғы жылмен
салыстырғанда 31 мың тоннаға артты.
Rompetrol компаниясының жанармай құятын стансалар жүйесіне Румыния,
Молдова Республикасы, Болгария, Грузия, Франция, Испания және
Украинадағы 1000-нан астам пункт кіреді.
цитата соңы