"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0506527851, US48667QAE52 (KMGZe4) халықаралық облигациялары бойынша 4-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
24.05.12 17:20
/KASE, 24.05.12/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы)
2012 жылдың 05 мамырында өзінің халықаралық XS0506527851,
US48667QAE52 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты, KMGZe4; $1 500,0 млн; 05.05.10 – 05.05.20,
жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигациялары бойынша төртінші
купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE немесе
Биржа) хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 52 500 000,00
АҚШ долларын құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.