"Қазақстанның даму банкі" АҚ аппеляциялық комиссия банктің "АқтөбеҚұрылысИндустрия" АҚ-ынан қарызды өндіру туралы арызын ішінара қанағаттандырғаны туралы хабарлады

24.05.12 16:25
/KASE, 24.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 24 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Апелляциялық комиссия ҚДБ "АқтөбеҚұрылысИндустрия" АҚ-ынан (АҚИ) қарызды өндіру туралы арызын ішінара өтеді. Осылайша, аппелациялық инстанция Астана қаласы Арнайы мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотының (АЭАС) 2012 жылдың наурызында қабылдаған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) пайдасына АҚИ 4,3 млрд теңгеден астам қарызды өндіру туралы шешімін өзгертті. Бұл ретте, АЭАС компанияның 100 мың АҚШ доллары сомасындағы игерілмеген қарыз сомасын беру туралы Банкке жазған арызын қанағаттандырмады. Ендігіде, 2012 жылдың мамырында аппеляциялық коллегия Банктің несие алушыдан 1,3 млрд. теңге сомасындағы кешіктірілген қарыз сомасын өндіру туралы талабын ішінара орындады, бірақ несие сомасын мерзімінен бұрын өндіруге рұқсат бермеді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1167563 мекен-жайы бойынша танысуға болады.