"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) өзінің 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

23.05.12 15:07
/KASE, 23.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), Биржаға 2012 жылдың 23 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Қазақстанның солтүстік-батысында мұнай және газ барлау, өндіру және шығарумен айналысатын "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБЮ тикері ZKM), бүгін 2012 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейінгі кезеңдегі қаржылық нәтижелерін жариялайды, сонымен қатар компания өндірісінің көрсеткіштерін хабарлайды. БІРІНШІ ТОҚСАННЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ Өндіріс көлемі: - Өткен жылмен салыстырғанда бес еседен астам өсіп, 3 053 210 барр. м.э. - 2012 ж. бірінші тоқсанның ішіндегі өндірістің орта тәуліктік көлемі 33 552 барр. м. э./тәу. құрады. - 2012 ж. сәуіріндегі өндірістің орта тәуліктік көлемі 37 237 барр. м. э./тәу. құрады. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұқсасымен KASE пвеб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_230512.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_230512_e.pdf – ағылшын тілінде.