"Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y05D154 (KZ2C00000693, UKPFb2) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
23.05.12 13:25
/KASE, 23.05.12/ – "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Алматы) 2012 жылдың
18 мамырында өзінің KZP01Y05D154 (KZ2C00000693, KASE ресми тізімі,
"Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші
санатшасы, UKPFb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 05.11.08 – 05.11.13;
жарты жылдық купон жылдық 14,00 %; 30/360) облигациялары бойынша жетінші
купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE немесе
Биржа) хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
15 000 300,00 теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.