"Сентрас Секьюритиз" АҚ (Қазақстан) "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС оның сенімділік рейтингін және қызметтерінің сапасын А+ деңгейінде растағаны туралы хабарлады

23.05.12 11:03
/KASE, 23.05.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASEнемесе Биржа) мүшесі болып табылатын "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 22 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқарушы компаниясының сенімділік рейтингін және көрсететін қызметтерінің сапасын А+ деңгейінде (сенімділік пен қызметтер сапасының өте жоғары деңгейі) растады. Осылайша, компания қатарынан екі жыл бойы осындай рейтингке ие болып отыр. "сентрас Секьюритиз" АҚ рейтингінің деңгейіне оң әсерін тигізген факиторлар ретінде Агенттік компанияның меншікті қаражатының өсімін (31.03.2010 – 31.03.2012 кезеңінде өсім 13,5% құрады), жақсы қаржылық көрсеткіштерін (31.03.2012 жағдай бойынша ағымдағы өтімділік кроэффициенті 30,02, ROE = 7,51%, ROA = 7,1% құрады), портфелінің табыстылығының өсімін және кең ауқымды клиенттік базасын (нарықтың ЖТ-клиенттерінің 22%-ы,ЗТ-клиенттерінің 11%-ы компанияның үлесінде) атап көрсетті. "Сентрас Секьюритиз" АҚ Инвесторлармен байланыс бөлімі