"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Rompetrol Group басшылығы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

22.05.12 17:15
/KASE, 22.05.12/ – Облгиациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 22 мамырындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 21 мамырда компанияның жалғыз акционері болып табылатын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ шешімімен Rompetrol Group компаниясының жаңа бас директоры болып жақын уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз Өңдеу және маркетинг" акционерлік қоғамының бас директоры болып істеген Жанат Түсіпбеков тағайындалды. Осы қызметті бұрын атқарған Садуақас Мерәлиев Ромпетролде Директорлар кеңесінің мүшесі болып жұмысын жалғастыратын болады. "Аталмыш өзгеріс "Ромпетрол" тобының дамуындағы маңызды кезеңнің аяқтаушы жалғасы болып табылады. Осы жұмыстардың аясында "Петромидия" мұнай өңдеу заводын жаңғырту бағдарламасы аяғына дейін жүргізіліп, оның өңдеу қуаттылығы 5 миллион тонна шикізатқа жеткізілді. Сондай-ақ бірігу процесі мен оңтайландыру операциялары аяқталып, Ромпетролдың ҚМГ компаниялар тобына жақындасуы жүзеге асты. Осылайша, ҚМГ қызметін тек Қара теңіз аумағында ғана емес, сонымен бірге Батыс Еуропада да кеңейту жоспарын жалғастыру үшін қажетті алғышарттардың бәрі жасалды" деп атап көрсетті Ләззат Кетебайұлы Киинов компанияның басқарушы құрамымен өткізген мәжілісте. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_220512_k.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_220512.pdf - орыс тілінде.