2012 жылдың 22 мамырында "Жайықмұнай" ЖШС қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болады

22.05.12 11:40
/KASE, 22.05.12/ – Халықаралық облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), 2012 жылдың 22 мамырында сағат 11:00-де өзінің қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға мәлімдеме жасады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе аудиторлардың тексерісінен өткен "Жайықмұнай" ЖШС 2011 жылға қаржылық есептерін бекіту болып табылады. Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Орал қ., Еуразия даңғ., 59/2.