"Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) басшылығының сарапшылармен және журналистермен кездескені туралы хабарлады

18.05.12 17:34
/KASE, 18.05.12/ – "Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2012 жылдың 15 мамырындағы ақпараттық хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Қазақстелеком сарапшылармен және журналистермен кездесу өткізді. Компанияның басшылығы баса назар аударған негізгі мәселелер: - 19,998 теңгелік дивидендтер жай және артыұшылықты акциялар бойынша болады. Префтер бойынша дивидендтер жай акцияларға қарағанда бір күн бұрын төленеді. - 2012 жылы және одан кейін дивидендтер төлеу коэффициенті 30% деңгейінде қалу керек. 2011 жылға дейін бұл көрсеткіш 17,5% тең болды. - 2012 жылы түсім - 177 млрд. теңге, таза пайда – 22 млрд. (GSM Қазақстандағы 49% үлестің сатылуын есептемегенде, бұл біздің болжамға жақын (тиісінше 175 млрд. және 20 млрд.) болады деп күтілуде. - Біз күткендей, компания LTE технологиясы бойынша (Алтел негізінде) интернетке және мобильді интернетке кең жолақты енуді дамытуға басты көңіл бөледі. Осы хабарламаның толық нұсқасымен "Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ веб-сайтында http://www.halykfinance.kz мекен-жайы бойынша танысуға болады.