"Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің назарына

18.05.12 16:49
/KASE, 18.05.12/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункционалдық кешенінің солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі - биржа) өзінің акционерлеріне 2012 жылдың 30 мамырында Алматы уақытымен сағат 10:00-де Алматы қ., Сәтбаев көш., 29/6, Рахат Палас қонақ үйі, "Абай" залы мекен-жайы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болатыны туралы хабарлайды. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде 2012 жылдың 30 мамырында Алматы уақытымен сағат 09:30-дан 09:45-ке дейін жүргізіледі. Жиналыстың өтетіні туралы акционерлерге арналған хабарлама биржаның сайтында 2012 жылдың 28 сәуірінде жарияланған болатын. Жиналыстың күн тәртібіне толықтыру енгізілген туралы хабарлама биржаның сайтында 2012 жылдың 14 мамырында жарияланды. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды акционерлер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 44 бабының 4 тармағына сәйкес) биржаның мекен—жайы бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункционалдық кешенінің солтүстік мұнарасы, 8 қабат. Аталмыш материалдарды акционерлерің өкілдері сұратқан жағдайда, олардың өзімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхаты болуы тиіс. Анықтама телефондары: (727) 237 60 04, 237 53 17.