АНОНС: 2012 жылдың 22 мамырында Deloitte Қазақстан қор биржасымен бірлесе отырып "Корпоративтік басқару және қаржы нарықтарындағы жаһандық бәсекелес" тақырыбына ашық семинар өткізеді
17.05.12 11:54
/KASE, 17.05.12/ – 2012 жылдың 22 мамырында Deloitte Қазақстан қор
биржасымен (KASE) бірлесе отырып, "Корпоративтік басқару және қаржы
нарықтарындағы жаһандық бәсекелес" тақырыбына ашық семинар өткізеді.
Іс-шараға қатысуға бағалы қағаздар эмитенттерінің, соның ішінде
жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушыларының өкілдері шақырылады.
Бұл семинар Алматы қаржы орталығында: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ.,
36, Би ғимаратында, 6-шы қабат, "К2" мәжіліс залы мекен-жайы бойынша
өтикізіледі. Семинардың өткізілу уақыты: Алматы уақытымен сағат
10:00-ден 13:00-ге дейін.
Іс-шараға қатысамын деушілер өзі туралы мәліметтерді pr@kase.kz
электрондық мекен-жайға 2012 жылдың 18 мамырынан кешіктірмей жіберуі
тиіс. Семинарқа қатысу тегін.