"ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Қазақстан) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

16.05.12 11:31
/KASE, 16.05.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) қор нарығының мүшесі болып табылатын, "ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы), биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы ГРАНТУМ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ 2012 ЖЫЛДЫҢ 1-ТОҚСАНЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ*. 2012 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша «ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ Еншілес ұйымы) еліміздегі ең сенімді зейнетақы қорларының бірі болып табылады және соңғы үш жыл ішінде инфляция деңгейінен жоғары деңгейде инвестициялық кіріс алды. ЖИНАҚТАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАРАЖАТЫ ГРАНТУМ ЖЗҚ-ның жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы 2012 жылдың 1-тоқсанында 19 млрд. теңгеге немесе 7,8%-ға артып, 262,2 млрд. теңгені құрады. Жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы бойынша Қордың нарықтағы үлесі 0,27%-ға көбейіп, 9,44%-ға жетті. ГРАНТУМ ЖЗҚ-ның 1 салымшыға жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы 2012 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша 703,1 мың теңгені құрады, бұл – ҚР-дағы бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі ең үлкен көрсеткіш. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Қордың зейнетақы активтерінің өсу қарқыны: - 9,9 млрд. теңге сомасында зейнетақы жарналарының; - салымшылардың 8,3 млрд. теңгеден астам сомада жасалған аударымдарының оң сальдосының; - 3,7 млрд. теңгеден астам сомада есептелген инвестициялық кірістің түсімімен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қор салымшыларға (алушыларға) 2 млрд. теңге көлемінде жинақталған зейнетақы қаражатын төледі (соған қоса сақтандыру ұйымдарына аударым жасады). ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 2012 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша ГРАНТУМ ЖЗҚ-ның ұстамды инвестициялық портфелі бойынша атаулы кіріс коэффициенті (К2): - 12 ай бойынша 4,51%; - 36 ай бойынша 23,81%; - 60 ай бойынша 34,58% құрады. Кірістілік деңгейі бойынша соңғы үш жыл ішінде ГРАНТУМ ЖЗҚ зейнетақы қорларының арасында ең үлкен көрсеткішке қол жеткізді, бұл көрсеткіш жинақталған инфляция деңгейінен (21,77%) әлдеқайда жоғары*. Жоғарыда көрсетілген барлық үш кезең ішіндегі Қордың кірістілігі жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша орташа атаулы кіріс коэффициентінен орташа болды. 2012 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша Қордың зейнетақы активтерінің басым бөлігі Қазақстан Республикасының сенімділігі жоғары мемлекеттік бағалы қағаздарына (57,2%), қаржы жағынан тұрақты ең ірі деген шетелдік және отандық эмитенттер шығарған корпоративтік облигацияларға (20,2%) орналастырылған. Акциялардың және депозитарлық қолхаттардың үлесі төмен – 2,2% деңгейінде. Қордың инвестициялық портфелінің құрылымындағы қаржы құралдарының 84,2% Қазақстан теңгесімен, 10,7% АҚШ долларымен, 3,5% Ресей рублімен және 1,6% Қытай юанымен номинацияланған. Инвестициялық портфельдің құрылымы туралы толық ақпарат Қордың корпоративтік сайтында жарияланған. ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ 2012 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша Қордың меншікті капиталы 6,1 млрд. теңгені, есепті кезең ішіндегі бөлінбеген табысы (пайдасы) 226,3 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылдың ұқсас тоқсанындағы қаржылық нәтижеден 8,8%-ға жоғары. 2012 жылдың алғашқы тоқсанында ГРАНТУМ ЖЗҚ ҚРҰБ Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің меншікті капитал жеткіліктілігі (К1) мен зейнетақы активтерінің кірістілігіне (К2) қатысты пруденциялық талаптарын толық көлемде орындады. Байланыс ақпараты: Баспасөз қызметі: Олжас Омаров. Тел.: 244-57-44 вн. 242, E-mail: olzhas.umarov@grantum.kz Қосымша ақпарат көзі: www.grantum.kz * ҚРҰБ ҚҚК мәліметтерінің негізінде (www.afn.kz) цитата соңы [2012-05-16]