"Алматытемiр" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигациялары бойынша 2011 жылдың 01 мамырынан 2012 жылдың 11 мамырына дейінгі кезеңге купонын төлегені туралы хабарлады

15.05.12 17:50
/KASE, 15.05.12/ – "Алматытемiр" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 11 қаңтарында өзінің KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "санат" санаты, ALTMb1; 1 теңге, 2,0 млрд теңге, 01.11.07 – 01.11.24; құбылмалы жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 5 170 000,00 теңге құрады. Аталмыш ресми хатта "Алматытемiр" АҚ аталмыш облигациялар бойынша ұстаушылар алдында 2012 жылдың 01 мамырына қарызы жоқ деп мәлімдеді. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс. [2012-05-15]