"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BTAIb5) облигациялары бойынша 14-ші купонын төлегені туралы хабарлады

15.05.12 17:22
/KASE, 15.05.12/ – "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 11 мамырында өзінің KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb5; 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 11.05.05 – 11.05.15; жылдық 9,00 % жарты жылдық купон; 30/360) ипотекалық облигациялары бойынша он төртінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 47 588 850,00 теңге құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс. [2012-05-15]