"Алматытемiр" АҚ (Казахстан) KZ2C0Y05C788 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларының ҰСН туралы ақпарат өзгертілді

15.05.12 16:28
/KASE, 15.05.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылдың 14мамырындағы шешімімен, "Алматытемiр" акционерлік қоғамына (Алматы) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарды бақылау мен қадағалау комитеті 2012 жылдың 10 сәуірінде берген, бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшрмесінің негізінде және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 14 мамырындағы ресми хаты негізінде сауда-саттық жүйесінде және KASE мәліметтре базасында "Алматытемiр" акционерлік қоғамының KZ2C0Y05C788 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, ALTMb1; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 01.11.07 – 01.11.12, жылдық 12,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) KZ2C0Y17C783-ке ауыстырылды. 2012 жылдың 15 мамырында аталмыш облигациялар "таза емес" (жинақталған сайыақысымен қоса) бағалармен сауда-саттық тәртібіне ауыстырылған. Бұл тақырып бойынша осының алдында "ҚҰБ ҚҚК "Алматытемiр" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C788 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді" KASE 2012 жылдың 20 сәуіріндегі жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1165632 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-05-15]