"Банк ЦентрКредит" АҚ "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының (Қазақстан) ипотекалық облигациялары бойынша кепілзат жағдайын тексеру нәтижелері туралы хабарлады

15.05.12 11:55
/KASE, 15.05.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының (Алматы), - KZ2C0Y10B251 (KZ2C00000842, BTAIb2; 1 теңге, 1,5 млрд теңге; 21.10.04 – 21.10.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,90 %; 30/360); - KZPC3Y10B333 (KZ2C00000909, BTAIb5; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 11.05.05 – 11.05.15, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,80 %; 30/360); - KZP02Y08B648 (KZ2C00000883, BTAIb8; 100 теңге, 7,0 млрд теңге; 22.08.05 – 22.08.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,40 ; 30/360); - KZP03Y10B642 (KZ2C00000867, BTAIb9; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 21.02.06 – 21.02.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,00 %; 30/360); - KZP01Y10C115 (KZ000A0TZW02, BTAIb11; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.08.06 – 04.08.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,50 %; 30/360); - KZP05Y07C112 (KZ2C00000859, BTAIb14; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 03.04.07 – 03.04.14, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 4,70 %; 30/360); - KZP07Y10C112 (KZ2C00000875, BTAIb16; 100 теңге, 14,0 млрд теңге; 01.04.08 – 01.04.18, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,10 %; 30/360), ипотекалық облигацияларын ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында, "Темiрбанк" акционерлік қоғамының аталмыш облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін кепілзатының 2012 жылдың 01 сәуіріне кепілзат тізілімінің мәліметтері бойынша жағдайын ішінара тексеру өткізгені туралы хабарлады. Өткізілген тексеру негізінде "Банк ЦентрКредит" АҚ мәлімдейді: ... ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуінің және қамтамасыз ету коэффициентінің мәні облигациялардың шығарылым аңдатпасының талаптарына және кепілзат келісім-шартына сәйкес келеді. Купондық сыйақылар уақытылы және толық көлемде төленді. Сондай-ақ ішінара тексеру нәтижелері бойынша Банктің Өкілі Эмитентке несиелер бойынша деректерді есепке алу жүйесіне ақпараттар енгізуді және кепілзаттың мониторингіне бақылауды күшейту және қолданылған шаралар туралы хабарлауды нұсқады. Қоғамның облигацияларын ұстаушылары алдында міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін мүліктің жағдайын талдауға қажетті, ұсынылған ақпараттардың растығына "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ жауапты болады. [2012-05-15]