"Альянс Банкі" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

14.05.12 14:50
/KASE, 14.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 14 мамырында жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы «Альянс Банкі» АҚ халықаралық стандарттар бойынша (ҚЕХС) 2012 жылғы 1 тоқсандағы аудиттелмеген шоғырландырылған есептемесін жариялады. Банк активтері 6,5 млрд. теңгеге немесе 1,2 %-ға өсіп, 2012 жылдың 31 наурызында 536,4 млрд. теңгені құрады. 2012 жылдың бірінші тоқсанында Банктің несиелік портфелі де 1,2 %-ға немесе 3,9 млрд. теңгеге артып, 332,7 млрд. теңгені құрады. «Альянс Банкі» АҚ міндеттемелері 4,8 млрд. теңгеге немесе 0,9 %-ға өсіп, 2012 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша 533,6 млрд.т-ге жетті. Сонымен қатар, клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттері 10,7 млрд. теңгеге немесе 3,6 %-ға артып, 304,9 млрд. теңгені құрады. «Альянс Банкі» АҚ-ның ҚЕХС бойынша меншікті капиталы 2012 жылдың 1 тоқсан қорытындысына сәйкес 2,8 млрд. теңгені құрап, жыл басынан 1,7 млрд.-тан астам теңгеге ұлғайды. Бұл ретте, ҚР Ұлттық Банкі ҚҚК-і талап ететін пруденциалық нормативтерді есептеуде қолданылатын регуляторлық капитал 2012 жылдың 1 сәуіріне 61,7 млрд. теңгені құрады. Бұған дейін мәлімделгендей, «Альянс Банкі» АҚ өткен жылдың басына 105 млрд. теңгені құраған ҚЕХС бойынша капитал тапшылығын, бір жыл ішінде капиталды 106 млрд.-тан артық теңгеге арттырып, 2011 жыл қорытындысы бойынша толығымен жоя алды. Ағымдағы жылы халықаралық стандарттар бойынша капиталды арттыру табысты жүзеге асырылуда. Қосымша ақпараттар алу үшін мында хабарласуыңыз: "Альянс Банкі" АҚ Баспасөз қызметі Тел. +7 (727) 258 40 40 E-mail: pr@alb.kz Веб-сайт: www.alb.kz цитата соңы [2012-05-14]