KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) акционерлерінің 2012 жылдың 11 мамырында болып өткен жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы мәлімдеді

14.05.12 10:32
/KASE, 14.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), биржаға жолдаған 2012 жылдың 11 мамырындағы баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Бүгін Қазақмыс Тобы 2011 жыл ішіндегі қызметін қорытындылай отырып, жалпы акционерлердің жылдық жиналысын өткізді. Өткен жылы Топтың барлық бөлімшелері жағымды өндірістік және қаржылық нәтижелерге қол жеткізді. 2011 жылдың тамыз айында Директорлар кеңесі қазіргі уақытта жұмыстар белсенді түрде жүргізіп жатқан Бозшакөл кен орнының игерілуін мақұлдады. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақмыс Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен (ҚМДБ) Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай кен орнын игеруге мөлшері 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын несиелік бағдар ұсыну жөніндегі келісімге қол қойды. Компания энергетикалық активтердің қуаттылықтарын арттыруға капитал салуды қамтитын жалпы сомасы 6 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстандағы ең ірі инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырып отыр. Бұл инвестициялар алдағы 6 жылдың ішінде мыс өндірудің ауқымын 300 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_110512.pdf мекен-жайы бойынша; - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_110512_kz.pdf – мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-05-14]