2012 жылдың 26 маусымында "Баян сұлу" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

11.05.12 16:00
/KASE, 11.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Баян сұлу" АҚ (Қостанай, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 26 маусымында сағат 17:30 компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - есептеу комиссиясының сандық құрамын және өкілеттілік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау; - Компания акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту; - қаржылық жылдағы компанияның таза табысын бөлу тәртібін анықтау; - дидивенд туралы - компания жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; - бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында компанияның акцияларын кері сатып алу кезіндегі акциялардың құнын анықтау әдістемесінің жаңа редакциясын бекіту; - акционерлерге компания қызметі туралы ақпараттар беру тәртібі туралы қағиданы бекіту; - компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау; - акционерлердің компания қызметіне, және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары туралы; - компания акционерлеріне 2011 жылға Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеудің көлемі мен құрамы туралы ақпараттандыру Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Қостанай қ., Бородин көш., 198, мәжілі залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 16:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 17 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда компания/банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 27 маусымында сағат 17:30-да жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен 2012 жылдың 15 маусымынан бастап танысуына болады.