"Қазақтелеком" АҚ 2012 жылдың 08 мамырында болып өткен өз акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының нәтижелері туралы хабарлады

08.05.12 18:15
/KASE, 08.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 08 мамырында жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: "Қазақтелеком" АҚ 2012 жылдың 08 мамырында Астана қ. "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы болып өткені туралы хабарлайды. Күн тәртібіне сәйкес "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысы "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің тізімін нақтылау және тиянақтау уақыты, 2011 жылдағы және 2012 жылдың 1 тоқсанындағы таза пайдасын бөлу тәртібі сұрақтары қарастырылып, тиісінше шешім қабылдады: "Қазақтелеком" АҚ таза пайдасын бөлу тәртібін және компанияның жай акциялары бойынша бір акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту және дивиденд төлеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 36 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына және "Қазақтелеком" АҚ Жарғысының 29 бабы 1 тармағының 10( тармақшасына сәйкес "Қазақтелеком" АҚ акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы ШЕШТІ: 1. "Қазақтелеком" АҚ жай акцияларының 2011 жыл қорытындысы бойынша 1 (бір) акцияға 1 328 (бір мың үш жүз жиырма сегіз) теңге 80 (сексен) тиын көлемінде дивиденд бекітілсін. 2. 2011 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жыл 16 мамыр күні 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша тиянақталсын. 3. 2011 жыл қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуді бастау датасы – 2011 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы "Қазақтелеком" акционерлерінің тізімі тиянақталған күннен кейін 20 (жиырма) күнтізбелік күн өткеннен соң деп анықталсын. "2012 жылдың 1 тақсанының қорытындысы бойынша таза пайданы бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және бір жай акцияға дивиденд көлемін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 23 бабы 1 тармағына сәйкес және "Қазақтелеком" АҚ Жарғысының 22 бабы 1 тармағына сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы ШЕШТІ: 1. 2012 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 1 (бір) акцияға 18 559 (он сегіз мың бес жүз елу тоғыз) теңге 27 (жиырма жету) тиын көлемінде дивиденд бекітілсін 2. 2012 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жыл 16 мамыр күні 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша тиянақталсын 3. 2012 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуді бастау датасы – 2012 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы "Қазақтелеком" акционерлерінің тізімі тиянақталған күннен кейін 20 (жиырма) күнтізбелік күн өткеннен соң деп анықталсын Осымен қатар, "Қазақтелеком" АҚ, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 24 б. 1 т. сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивиденд көлемі тиісті кезеңдегі "Қазақтелеком" АҚ жай акциялары бойынша төленетін дивиденд көлемінен кем болмайды. "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының хаттамасының мәтіні "Қазақстан қор биржасы" АҚ листингілік ережелерінің талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарияланады. "Қазақтелеком" АҚ жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы қабылдаған шешімі, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және "Қазақтелеком" АҚ Жарғысына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. [2012-05-08]