"Темiрлизинг" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2012 жылдың 30 мамырына жоспарланған жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілді

10.05.12 17:18
/KASE, 10.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресмитізімінде тұрған, "Темiрлизинг" АҚ (Алматы, бұдын әрі – компания), 2012 жылдың 30 мамыры күні сағат 10:00-ге жоспарланған компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді деп мәлімдеді. Толықтыруларды қосқанда аталмыш жиналыстың күн тіртібі: - компанияның 2011 жылғы қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2011 жылдағы таза пайдасын бөлі тәртібін анықтау, 2011 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға шаққандағы компанияның жай акциялары бойынша дивиден төлеу туралы шешім қабылдау; - "Темiрбанк" акционерлік қоғамымен мүдделі мәміле жасасу; - Компанияның тәуелсіз директорына сыйақы төлеу көлемін анықтау; - 2011 жылдағы акционерлердің компанияның қызметіне және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдануы және оларды қарастыру нәтижелері; - Компания акционерлерін Директорлар кеңесінің мүшелеріне және бас директорына 2011 жылға төленетін сыйақы құрамы туралы ақпараттандыру. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Әйтеке би көш., 187, мәжіліс залы мекен- жайы бойынша өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден басталады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 31 мамырында сол мекен-жай бойынша, сол уақытта басталады. Акционерлер күн тәртібі материалдарымен: Алматы қ., Әйтеке би көш., 187 мекен-жайы, (727) 250 09 47, 250 57 61 телефондары арқылы таныса алады. [2012-05-10]