08 МАМЫР КҮНІ KASE "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KZTK) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KZTKP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДА-САТТЫҒЫН ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫ ТИІСІНШЕ 30,80 % ЖӘНЕ 33,59 %-ҒА ТҮСІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

08.05.12 15:38
/KASE, 08.05.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) Алматы уақытымен 11:57-де "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының (Астана) KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акцияларының сауда-саттығын бағасы 30,80 %-ға түсуіне байланысты уақытша тоқтатты. 2012 жылдың 07 мамырында жасалған, соңғы орындалған KZTK-мен мәміленің бағасы бір акцияға 28 900,01 теңгені құрады. KZTK сауда-саттығы 2012 жылдың 08 мамырында бір акцияға 20 000,00 теңге бағасымен (белгіленген мәндердің біріншісінен 69,20 %) жасалған мәміледен соң уақытша тоқтатылды. Алматы уақытымен 11:58-де KASE "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTKp) артықшылықты акцияларының сауда-саттығын, олардың бағасы 33,59 %-ға түсуіне байланысты, уақытша тоқтатты. 2012 жылдың 07 мамырында жасалған, соңғы орындалған KZTKp Цена последней исполненной сделки с KZTKp, мәміленің бағасы бір акцияға 25 600,00 теңгені құрады. KZTKp сауда-саттығы 2012 жылдың 08 мамырында бір акцияға 17 000,00 теңге бағасымен (белгіленген мәндердің біріншісінен 66,41 %) жасалған мәміледен соң уақытша тоқтатылды. Осы кезде KASE белгілі жағдайлардың экспресс-зерттеуі негізінде, бұндай бағаның түсуі KASE мүшесінің трейдерірің техникалық қатесі немесе KASE сауда-саттық жүйесінің техникалық жаңылысуы салдарынан деп тұспалдауға жол бермейді. KASE осындай баға түсудің мән-жайын толығырақ зерттеу мақсаттылығын және зерттеу нәтижелерін жариялау қажеттілігін дербес түрде анықтау құқығын өзіне қалдырады. Сауда-саттықты уақытша тоқтату "Бағалы қағаздардың биржалық сауда- саттығының ережелері" атты KASE ішкі құжатының 12-2 бабы 1 тармағына сәйкес жүзеге асырылды. Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелеріне сәйкес, Биржаның ағымдағы сауда-саттық күні осы атаудағы бағалы қағаздармен жасалған соңғы мәміле бағасының, соның алдындағы соңғы нәтижелі сауда- саттық сессиясында жасалып, орындалған мәміле бағасына қатысты 30 және одан аса пайызға төмендеуі жағдайында KASE сауда-саттықты уақытша тоқтатады. Егер өзгесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің шешімімен белгіленбесе, уақытша тоқтатылған сауда-саттықтар акциялар бойынша жаңа сауда-саттық күні басталысымен қайта өткізіледі. [2012-05-08]