08 МАМЫР КҮНІ KASE "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KZTK) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KZTKP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДА-САТТЫҒЫН ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫ ТИІСІНШЕ 30,80 % ЖӘНЕ 33,59 %-ҒА ТҮСІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ
08.05.12 15:38
/KASE, 08.05.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) Алматы уақытымен
11:57-де "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының (Астана)
KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай
акцияларының сауда-саттығын бағасы 30,80 %-ға түсуіне байланысты
уақытша тоқтатты.
2012 жылдың 07 мамырында жасалған, соңғы орындалған KZTK-мен
мәміленің бағасы бір акцияға 28 900,01 теңгені құрады. KZTK сауда-саттығы
2012 жылдың 08 мамырында бір акцияға 20 000,00 теңге бағасымен
(белгіленген мәндердің біріншісінен 69,20 %) жасалған мәміледен соң
уақытша тоқтатылды.
Алматы уақытымен 11:58-де KASE "Қазақтелеком" акционерлік
қоғамының KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі, бірінші
санат, KZTKp) артықшылықты акцияларының сауда-саттығын, олардың
бағасы 33,59 %-ға түсуіне байланысты, уақытша тоқтатты.
2012 жылдың 07 мамырында жасалған, соңғы орындалған KZTKp Цена
последней исполненной сделки с KZTKp, мәміленің бағасы бір акцияға
25 600,00 теңгені құрады. KZTKp сауда-саттығы 2012 жылдың
08 мамырында бір акцияға 17 000,00 теңге бағасымен (белгіленген
мәндердің біріншісінен 66,41 %) жасалған мәміледен соң уақытша
тоқтатылды.
Осы кезде KASE белгілі жағдайлардың экспресс-зерттеуі негізінде, бұндай
бағаның түсуі KASE мүшесінің трейдерірің техникалық қатесі немесе KASE
сауда-саттық жүйесінің техникалық жаңылысуы салдарынан деп тұспалдауға
жол бермейді.
KASE осындай баға түсудің мән-жайын толығырақ зерттеу мақсаттылығын
және зерттеу нәтижелерін жариялау қажеттілігін дербес түрде анықтау
құқығын өзіне қалдырады.
Сауда-саттықты уақытша тоқтату "Бағалы қағаздардың биржалық сауда-
саттығының ережелері" атты KASE ішкі құжатының 12-2 бабы 1 тармағына
сәйкес жүзеге асырылды.
Бағалы қағаздардың биржалық сауда-саттығының ережелеріне сәйкес,
Биржаның ағымдағы сауда-саттық күні осы атаудағы бағалы қағаздармен
жасалған соңғы мәміле бағасының, соның алдындағы соңғы нәтижелі сауда-
саттық сессиясында жасалып, орындалған мәміле бағасына қатысты 30
және одан аса пайызға төмендеуі жағдайында KASE сауда-саттықты
уақытша тоқтатады.
Егер өзгесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің
шешімімен белгіленбесе, уақытша тоқтатылған сауда-саттықтар
акциялар бойынша жаңа сауда-саттық күні басталысымен қайта
өткізіледі.
[2012-05-08]