"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) электр қуатын үнемдеу және тиімділікті арттыру бойынша іс-шаралар туралы хабарлады

04.05.12 16:46
/KASE, 04.05.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), 2012 жылдың 04 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: цитата басы Дамудың қуат көздерін тиімді пайдалану жолына көшу – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиясындағы басымдылыққа ие міндеттердің бірі. Компанияның еншілес кәсіпорны «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында 2007 жылдан бері осы мақсаттағы бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Мұнда электр қуатын бақылау мен есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Аталмыш жүйені енгізудің нәтижесінде жыл сайын 40 миллион квт/сағат электр қуатын үнемдеуге қол жетті. Сонымен қатар заманауи құрал- жабдықтарды пайдалану есебінен де жалпы қолданылатын электр қуатының 10-30 пайызы үнемделуде. Қуат көздерін тиімді пайдалану жұмысы «Атырау МӨЗ», «ҚазТрансГаз», «Интергаз ОА», «ҚазМұнайГаз» БӨ», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақтүрікмұнай» секілді компанияның еншілес және тәуелді кәсіпорындарында да жүйелі іске асырылып келеді. Одним из ключевых факторов успешного развития группы компаний КМГ является постоянное повышение энергетической эффективности производственной деятельности. Переход на энергосберегающий путь развития – одна из приоритетных задач долгосрочной стратегии АО НК "КазМунайГаз". цитата соңы Аталмыш баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_040512.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_040512_k.pdf – қазақ тілінде мекен-жайлары бойынша танысуға болады. [2012-05-04]