"Темiрбанк" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 28 мамырына жоспарланған жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне тилықтыру енгізілді
04.05.12 12:29
//KASE, 04.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Темiрбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк),
2012 жылдың 28 мамырында сағат 15:00 жоспарланған жылдық жалпы
жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілгені туралы хабарлады.
Аталмыш жиналыстың толықтырылған күн тәртібі:
- банктің 2011 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту;
- банктің 2011 жылғы таза табысын бөлу тәртібін және банктің бір жай
акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту және банктік сақтық
қорын қалыптастыру;
- банктің аудиторлық ұйымын таңдау;
- банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі;
- банктің Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту;
- банк акционерлерінің банктің және оның лауазымды тұлғаларының
қызметіне шағымдарын қарастыру және оның нәтижелері;
- 2011 жылғы Директорлар кеңесі және банк Басқармасы мүшелерінің
сыйақы мөлшері және құрамы;
- банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
А.М. Жолдасбековқа 2010 жылдың 28 қаңтарынан 2011 жылдың
29 маусымына дейінгі кезеңде Директорлар кеңесі комитеттерінің
отырыстарына қатысқаны үшін сыйақы төлеу;
- банк акционерлеріне арналған ақпарат
- Е.Б.Шайкеновтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғ., 68/74, 2-ші
қабат, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 14:00-ден
басталады.
Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың
24 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылды.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2012 жылдың 29 мамырында 15:00-де жоғарыда аталған мекен-
жай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналысқа қатысушылардың тіркеуі
сағат 14:00-ден басталады.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен Алматы қ., Абай даңғ., 68/74, 411 бөлме мекен-жайы
бойынша тел. +7 701 292 22 04, (7172) 91 05 34 арқылы танысуға алады.