2011 жылдың 14 мамырында "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

03.05.12 17:37
/KASE, 03.05.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2012 жылдың 14 мамырында сағат 17:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2011 жылға банктің жылдық қаржылық есебін бекіту; - банктің 2011 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту және өткен жылдың қорытындысы бойынша банктің жай акциялары бойынша банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту - акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдануларын және оларды қарастыру нәтижелері туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы обл, Қарасай ауд, Рахат ауылы, Асқаров көш., 21/2, 1п. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 16:30-да басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 04 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банктің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2012 жылдың 15 мамырында, сол уақытта болып өтеді. Акционерлер күн тәртібінің сұрақтарының материалдарымен Алматы обл, Қарасай ауд, Рахат ауылы, Асқаров көш., 21/2, 1п., Алматы қ., Дүйсенов көш., 25 мекен-жайлары бойынша танысуына болады. [2012-05-03]