"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0556885753 (US48667QAF28, KMGZe5) облигациялары бойынша 3ші купонын төлеуі туралы хабарлады
03.05.12 16:16
/KASE, 03.05.12/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы)
2012 жылдың 09 сәуірінде өзінің халықаралық XS0556885753
облигациялары (US48667QAF28, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KMGZe5;
$1 250,0 млн, 10.11.10 – 09.04.21; жылдық 6,375 % жарты жылдық купон;
30/360) бойынша үшінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор
биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 39 843 750,00
АҚШ долларын құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы
ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.