"Қазақтелеком" АҚ (Казахстан) биржаға 2012 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша өзінің сатып алуларындағы қазақстандық құрамның үлесі туралы хабарлады

03.05.12 16:09
/KASE, 03.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2012 жылдың 03 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: 2012 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша "Қазақтелеком" АҚ сатып алуларындағы қазақстандық құрамның үлесі 78,6% құрағанын хабарлайды. ""Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясының" мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес сатып алулардағы қазақстандық құрамның 2012 жылдағы үлесі 56,7% деңгейінде белгіленген. Осылайша, жетекші байланыс операторының сатып алуларындағы қазақстандық құрам үлесінің өсу динамикасы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша жоспарлы көрсеткіштерден 138,6% құрады. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет [2012-05-03]