"Қазақтелеком" АҚ (Казахстан) биржаға 2012 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша өзінің сатып алуларындағы қазақстандық құрамның үлесі туралы хабарлады
03.05.12 16:09
/KASE, 03.05.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2012 жылдың
03 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-релизінде былай деп
хабарлады:
2012 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша "Қазақтелеком" АҚ
сатып алуларындағы қазақстандық құрамның үлесі 78,6% құрағанын
хабарлайды. ""Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының 2020 жылға дейінгі
ұзақ мерзімді даму стратегиясының" мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес
сатып алулардағы қазақстандық құрамның 2012 жылдағы үлесі 56,7%
деңгейінде белгіленген. Осылайша, жетекші байланыс операторының сатып
алуларындағы қазақстандық құрам үлесінің өсу динамикасы бірінші
тоқсанның қорытындылары бойынша жоспарлы көрсеткіштерден 138,6%
құрады.
"Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс
жөніндегі қызмет
[2012-05-03]