/KASE, 02.05.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы
қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2012 жылдың 02 мамырынан
бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа
параметрлері, – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу
коэффициенттері – анықталды.
Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін,
акциялардың 02 мамырға дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері
көрсетілген.
------------------------------------------------------------------------------
2012 жылдың 02 мамырынан бастап 2012 жылдың 02 мамырына дейін
------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------
орналас- free шектеу орналас- free шектеу
Акцияның тырылған float коэффициенті тырылған float коэффициенті
коды акциялар (Fi), % (Ri) акциялар (Fi), % (Ri)
саны саны
-------- ------------- ------- ------------ ------------- ------- ------------
CCBN 162 456 800 27,2 1,0000000 162 456 800 27,2 1,0000000
GB_ENRC 1 287 750 000 18,6 0,0425233 1 287 750 000 18,6 0,0373802
GB_KZMS 527 462 458 42,2 0,0290125 535 417 961 43,1 0,0250805
HSBK 1 091 138 829 24,7 0,2210042 1 091 143 839 24,6 0,2870285
KKGB 778 625 062 7,3 1,0000000 778 625 062 7,3 1,0000000
KZTK 10 874 545 22,2 0,1814915 10 872 961 22,1 0,2935837
RDGZ 70 103 314 38,5 0,0292546 70 106 472 38,5 0,0396455
------------------------------------------------------------------------------
Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің
аталмыш шешімімен 2012 жылдың 02 мамырынан бастап KASE Индексін
есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 4,6661724
қолданылады. Аталған күнге дейін К мәні 4,0338234 тең болған.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті
есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін,
олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free
float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы
акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы
индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау
шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері
KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында
жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық
сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жай бойынша
жарияланған.
Индекс беті
http://www.kase.kz/ru/index_kase мекен-жай бойынша
жарияланған.
Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын
(алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер
бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция
шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық
таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN – "Банк ЦентрКредит" АҚ;
GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL
RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ
банкі" АҚ; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; RDGZ –
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің
тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның
ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік
компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде
анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде
орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының
мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің
жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына
иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен
стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын
институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді
қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.
Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес
пайызға дейін шектейтін, параметр.
[2012-05-02]