ХАБАРЛАМА: 2012 жылдың 30 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады
28.04.12 16:50
/KASE, 28.04.12/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ.,
Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункционалдық кешенінің
солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазақстан қор
биржасы" АҚ (бұдан әрі - биржа) өзінің акционерлеріне Биржалық кеңестің
2012 жылдың 26 сәуіріндегі шешімінің негізінде шақырылып отырған
акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болатыны
туралы хабарлайды.
Жиналыс 2012 жылдың 30 мамырында Алматы уақытымен сағат 10:00-де
келесі күн тәртібімен өткізіледі:
- биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- биржаның 2011 жылдағы қызметі;
- 2010 жылға биржаның жылдық есебін бекіту;
- биржаның 2011 жылға жылдық қаржылық есептемесін бекіту.
- биржаның 2011 жылға таза табысын (кірістілігін) бөлу тәртібі;
- акционерлердің биржа мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне
шағымданулары мен оларды қарастыру нәтижелері туралы мәселені
қарау;
- Биржалық кеңес және биржа Басқармасы мүшелерінің сыйақы құрамы
мен мөлшері туралы ақпарат;
- Биржалық кеңес мүшелеріне сыйақы;
- Биржаның жарғысына № 8 өзгертулер мен толықтырулар енгізу және
биржаның жарғысына өзгертулер мен толықтыруларға қол қоятын
өкілетті тұлғаны анықтау;
- Биржалық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
- Биржалық кеңес мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін
анықтау;
- Биржалық кеңес мүшелерін тағайындау.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Сәтбаев көш., 29/6,
Рахат Палас қонақ үйі, "Абай" залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу
2012 жылдың 30 мамырында Алматы уақытымен сағат 09:30-дан 09:45-ке
дейін жүргізіледі.
Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың
01 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2012 жылдың 31 мамырындасол уақытта жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналыс қатысушыларын тіркеу
2012 жылдың 31 мамырында Алматы уақытымен сағат 09:00-ден 09:45-ке
дейін жүргізіледі.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен жиналыс өткізілместен кемінде 10 күн бұрын Қазақстан
Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers"
көпфункционалдық кешенінің солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекен-жайы
бойынша таныса алады. Анықтама телефондары: (727) 237 53 17,
237 53 07, 257 53 00.