2012 жылдың 29 мамырында "Альянс Банкі" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

28.04.12 14:46
/KASE, 28.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2012 жылдың 29 мамырында сағат 10:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - "Альянс Банкі" АҚ 2011 жылға арналған жылдық қаржылық есептемесін бекіту туралы. - "Альянс Банкі" АҚ өткен 2011 қаржы жылына таза кірісін бөлу тәртібін және "Альянс Банкі" АҚ бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін анықтау және "Альянс Банкі" АҚ ең аз қор капиталын қалыптастыру туралы. - "Альянс Банкі" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы. - "Альянс Банкі" АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу туралы. - Акционерлердің "Альянс Банкі" АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне назарлары және оларды қарастыру нәтижелері туралы. - Директорлар Кеңесі мен Банк Басқармасы мүшелерінің 2011 жылдағы сыйақы мөлшері мен құрамы туралы. - "Альянс Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің өткен 2011 қаржы жылының есептемесі туралы. - "Альянс Банкі" АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. - "Альянс Банкі" АҚ Директорлар Кеңесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы. - "Альянс Банкі" АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және «Альянс Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Фурманов көш., 50. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 27 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылды. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 30 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Алматы қ., Фурманов көш., 50 мекен-жайы бойынш а; тел.: (727) 258 40 40 (қосымша 52038) арқылы таныса алады, корпоративтіңк хатшы қызметінің бастығы Гүлнәр Бейсенқұл.