"FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ мүшеліктен KASE қор нарығы мүшелігінен шығарылды
27.04.12 14:54
/KASE, 27.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің
шешімімен "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) 2012 жылдың
27 сәуірінен бастап KASE қор нарығы мүшелігінен шығарылды. Бұл "FIVE
BROKERS' CAPITAL" АҚ KASE мүшесі еместігін және биржада қандай да бір
құралдарды сатуға құқығы жоқ дегенді білдіреді.
Аталған шешім "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының
37 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ-ын клиенттердің шотын жүргізу
құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен
және инвестициялық портфельді басқару қызметімен айналысуға
лицензиясынан айыру туралы 2012 жылдың 26 наурызындағы № 115
қаулысының негізінде қабылданды.