/KASE, 27.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ АҚ еншілес ұйымы (Қазақстан) (Алматы)
биржаға 2012 жылдың 27 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
Банк ВТБ акционерлік қоғамының еншілес ұйымы (Қазақстан)
01.04.2012 жылдағы жағдай бойынша қаржылық нәтижелерді жариялайды:
2012 жылдың басымен салыстырғанда негізгі қаржылық және
операциялық көрсеткіштер:
- Жарғылық капитал 20 млрд теңге;
- Банктің активтері 6 593 млн теңгеге өсті – 69 063 млн теңгеге дейін;
- Міндеттемелер 6 854 млн теңгеге ұлғайды – 51 726 млн теңгеге дейін;
- Банктің несиелік қоржыны 49 600 млн теңгені құрады, және 3 930 млн
теңгеге өсті. Несиелік қоржынның сапасы жоғары деңгейде тұр;
- Клиенттердің шоттары мен депозиттеріндегі қаражаттардың көлемі өсуін
жалғастыра берді, және 01.04.12 жылдағы жағдай бойынша 33 932 млн
теңгеге жетті;
- Есептік кезеңдегі таза пайыздық табыс 812 546 млн теңгені құрады,
алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 4 есе ұлғайды;
- Қазақстан Республикасы реттеушісінің талабымен құрылған провизияны
есептемегенде, таза шығыс 36 084 мың теңгеге азайды және 260 777
мың теңгені құрады.
Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1166056 мекен-жайы бойынша
танысуға болады.