KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қызметінің нәтижелері

26.04.12 15:06
/KASE, 26.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 26 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы - Өндіріліп шығарылған рудадағы мыстың көлемі 2011 жылдың осындай кезеңіндегіден жоғары болды - Руданың өңделуіне қатаң ауа-райы жағдайлары мен руда тасымалдаудағы қиыншылықтар ықпалын тигізді - 2012 жылдың бірінші тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндірісі 65 мың тоннаны құрап отыр - Қордаланған руданы қайта өңдеу және Қоңырат кенішіндегі жұмыстардың қайта басталуы 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында өндіру көлемін арттыруға тиіс. - 285-295 мың тонна мөлшеріндегі катодты мыс болатын жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік беретін операциялық көрсеткіштер - Қосарлы өнімдер өндірісінің ауқымы да жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берер деңгейде - Концентраттағы мырыш өндірісі 32 мың тоннаны құрап отыр - Бағалы металлдар өндірісінің көлемі осындай кезеңдегі деңгейден артық болды - Kazakhmys Power - Қазақстанда электр энергиясына деген жоғары сұраныс Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр энергиясы өндірілімінің 11 пайызға артуына апарып, 3,960 ГВтсағатқа жеткізіп отыр. - Қаржылық бекем тұрғымыздың сақталуы - Бухгалтерлік баланс ақшалай қаражаттардың таза ағынын байқатып отыр - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 115 млн АҚШ доллары сомасына алтын сату соңына жеткізілді - 2011 жылдың қыркүйек айынан бері 150 млн АҚШ долларына кері сатып алу процесінің барысында барлығы 10,6 акция сатылып алынған цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260412.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260412_kz.pdf – қазақ тілінде.