25 сәуірде Листингілік комиссия "АБДИ Компани" АҚ KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

26.04.12 14:59
/KASE, 26.04.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 25 сәуіріндегі шешімімен "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге, 08.01.08 – 08.01.13; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,40 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жою бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды. Өзгертілген жоспарды «АБДИ Компани» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылдың 10 сәуіріндегі шешімімен бекітіп, 2012 жылдың 19 сәуірінде биржаға тапсырылды. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңына енгізуге ұсынылатын бағалы қағаздар эмитенттеріне және осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар" # 04.2-09/119 бұйрығына Қосымшасының 13-7 тармағына сәйкес, Листингілік комиссиясының айтылмыш шешімін бекіту мәселесі KASE Биржалық кеңесінің отырысында қаралды.