2012 жылдың 28 мамырында "Темірбанк" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

26.04.12 14:34
/KASE, 26.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Темірбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2012 жылдың 28 мамырында сағат 15:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банктің 2011 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - банктің 2011 жылғы таза табысын бөлу тәртібін және банктің бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту және банктік сақтық қорын қалыптастыру; - банктің аудиторлық ұйымын таңдау; - банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына есебі; - банктің Директорлар кеңесі туралы қағиданы бекіту; - банк акционерлерінің банктің және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне шағымдарын қарастыру және оның нәтижелері; - 2011 жылғы Директорлар кеңесі және банк Басқармасы мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы; - банктің Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор А.М. Жолдасбековқа 2010 жылдың 28 қаңтарынан 2011 жылдың 29 маусымына дейінгі кезеңде Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына қатысқаны үшін сыйақы төлеу; - банк акционерлеріне арналған ақпарат. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғ., 68/74, 2-ші қабат, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылды. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 29 мамырында 15:00-де жоғарыда аталған мекен- жай бойынша өткізіледі. Қайталама жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 14:00-ден басталады. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Алматы қ., Абай даңғ., 68/74, 411 бөлме мекен-жайы бойынша тел. +7 701 292 22 04, (7172) 91 05 34 арқылы танысуа алады.